Алматыда жарнама ілетін 27 жастағы альпинист 12-қабаттан құлап, оқиға орнында қаза болды. Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні түстен кейін болды.
«ДДК-экстрим групп» ЖК өнеркәсіптік альпинисі Төле би көшесіндегі 16 қабатты Assem Plaza тұрғын үй кешенінің қасбетіне жарнамалық баннер орнатқан.
Оқиғаға қатысты полиция департаменті түсініктеме берді.
Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.