Басты бетЖаңалықтарОңтүстік Корея...

Оңтүстік Корея президенті елдегі әскери жағдайды алып тастайды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халыққа үндеу жасап, елде бұған дейін орнаған әскери жағдай режимін тоқтататынын айтты.

Бұл туралы ТАСС агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасай отырып хабарлап отыр.

Оңтүстік Корея президенті елдегі әскери жағдайды алып тастайды. Жақында үкімет отырысы өтеді.

Юн Сок Ёль бұған дейін төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған әскерилер кері қайтарылғанын атап өтті.

Еске салайық, бұдан бұрын Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халқына жолдау жасап, елде әскери төтенше жағдай жариялаған еді. Осыған байланысты Кореядағы Қазақстан елшілігі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.