Қар жауып, жел соғады: 4 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

4 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада кей уақыттарда тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі.