Басты бетЖаңалықтарҚазақстандағы сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

Қазақстандағы сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астана, Алматы және Қазақстанның тағы алты қаласының тұрғындарына ескерту жасады.

2024 жылғы 4 желтоқсанда Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Атырау, Павлодар, Теміртау, Қарағанды ​​қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық