Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш ашылды

Алматы облысы Кеген ауылының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш-бюст қойылды.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ескерткіш қою туралы бастаманы 2024 жылғы қаңтар айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген.

Әкімдіктің мәліметінше, Кеген ауылындағы Өнер мектебіне Нұрқаділовтің есімі берілген. Ескерткіш осы Өнер мектебінің алдына қойылған.

Ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз, — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілген мектепте 890 оқушы білім алады.