Алматылық өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды дер кезінде сөндірді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Түнде Бостандық ауданында Ш. Айманов көшесінде орналасқан жеке тұрған көкөніс сататын дүңгіршектің жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу өрт орнына бағытталған жеке құрам 15 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!, — делінген ведомство хабарламасында.