Басты бетЖаңалықтарБҚО-да мемқызметшілердің...

БҚО-да мемқызметшілердің құқықтарын қорғау және мемқызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша брифиң өтті 

Бүгін мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М. Байсалов мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифиң өткізді.

Бұл туралы агенттіктің баспаөз қызметі хабарлап отыр.

Брифиң барысында мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі аспектілері қаралды.

М. Байсалов мемлекеттік органдар қызметкерлеріне жайлы жұмыс жағдайларын жасау, кемсітушіліктің алдын алу, қысым көрсетуге жол бермеу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.

Осылайша, департаменттің бастамасымен жұмыс кестесі сақталмаған мемлекеттік органдардың басшыларына ұсыныс енгізіліп, 152 мемлекеттік қызметшіге қосымша демалыс уақыты ұсынылды.

Сонымен қатар департаментпен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, есепті кезенде 13 мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, олардың бұзылған заңды құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар департаментпен 25 мемлекеттік қызметшіге негізсіз 6,7 млн. теңге көлемінде төленбеген бонустарды төлеу қамтамасыз етілді, еңбек демалыса ақы төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті 106 мемлекеттік қызметшіге 188 мың теңге көлемінде өсімпұлдар төленді.

Облыстағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде іссапар шығындарын уақытылы төлемеген 77 мемлекеттік қызметшіге тиісті 4,7 млн. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Департамент басшысы қызметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту басым міндеттер болып қала беретінін айтты. Осы мақсатта цифрлық технологияларды енгізу және процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет ең алдымен қоғамға қызмет ету дегенді білдіреді. Біз тек мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғап қана қоймай, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына деген сенімді арттыруға тырысамыз, — деп атап өтті М. Байсалов.

Осылайша, департаментке қызмет алушылардан келіп түскен 30 шағым бойынша келтірілген дәлелдері расталды, қабылданған шаралар нәтижелері бойынша олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, жергілікті атқарушы органдармен өз кәсібін кеңейту мақсатында сауда саттықты талап етпейтін жолымен жер учаскесіне құқықтарды беруді сұраған дербес кәсіпкерге негізсіз бас тартылған.

Осы орайда қызмет алушы бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін департаментке шағымданды.

Департаментпен кәсіпкердің шағымын қарау нәтижесінде негізсіз бас тарту фактісі расталды, кәсіпкердің өтінішін қайта қаралды, нәтижесінде жер учаскесіне құқықтарды беру туралы оң шешім қабылданды.

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызмттердің мерзімі бұзушылықтары мен негіссіз бас тартуларды алдын алу мақсатында қашықтан бақылауды жүргізу жалғасып жатыр.

Брифиң соңында департаменттің ағымдағы кезеңдегі жұмысының қорытындылары жарияланып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау және халыққа көрсетілетін қызметтердің стандарттарын арттыру бойынша одан әрі іске асырылатын қадамдар айқындалды.