Астананы безендіруге 700 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Қаланың 6 ауданында 60-қа жуық демалыс орындары ашылады. Олардың қатарында: мұз айдындары, сырғанақтар, сүйкімді шағын архитектуралық мүсіндер, фотоаймақтар сынды көңіл-көтеру орындары болады, — делінген хабарламада.
Безендіру жұмыстары қараша айының ортасында басталып, 30 желтоқсанға қарай аяқталуы тиіс.