Басты бетЖаңалықтарДоллар, еуро...

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507—517 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 513,00 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,69 теңге. Еуро — 541,16.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516,5 теңге. Еуро 534,5—541,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 507 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75—4,91 аралығында саудаланып жатыр.