Алматы ПД қалалық метрода полицейлердің қалай жұмыс істейтіні жайлы айтып берді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Әр бекетте полиция пункттері орналасқан, онда қызметкерлер тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Полиция пункттерінде кезекші наряд, сеніп тапсырылған аумақты аралап, аумақтарды бейнебақылауды жүзеге асырады.
Барлық тәртіп сақшылары сияқты «жерасты» полицейлері де заң бұзушылықтарды анықтаса, дер кезінде шара қолданады. Сонымен қатар күнделікті жасақ құрамына қызметтік-іздестіру иттері бар полиция кинологтары кіреді, олар жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін электр пойыздарын, метро станцияларының қызметтік ғимараттарын және қоймаларды тексереді, – деді метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.
Спикердің айтуынша, биылғы жылы Алматы метросында 70-тен астам пышақ, кастет және басқа да қарулар тәркіленген. Сонымен қатар есірткіні сақтаудың 13 дерегінің жолы кесілді.
Алматы метросы 11 станциядан тұрады, ұзындығы 16 шаршы метр: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.О. Әуезов атындағы драма театры», «Алатау», «Сайран», «Мәскеу», «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы».