Басты бетЖаңалықтарАстанада Қазақстан-Ресей...

Астанада Қазақстан-Ресей достығының аллеясы ашылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында өткен брифиңде Астанада екі елдің достығына арналған аллея ашылатынын айтты.

Біз ғылыми және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа үлкен мән береміз. Кеше Астанада Қазақстан-Ресей тарихшыларының ғылыми форумы өтті. Соның ізін ала Алматыда екі елдегі еріктілер қозғалыстарының көшбасшылары слёт өткізді. Ал ертең бірлескен сараптамалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл іс-шаралар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосуға бағытталған. Біз мемлекеттік деңгейде ауқымды мәдени-гуманитарлық бастамаларды жан-жақты және жүйелі қолдай береміз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президент Ресей тарабына Астанадағы көшпенділер ойындарына үлкен делегациямен қатысқаны үшін алғыс айтты.

Біз келесі жылдың көктемінде елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын жайлы өткізе алатын Қазақстан-Ресей арасындағы мәңгілік достықтың аллеясын ашу туралы шешім қабылдаймыз. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Ресей тарапына қыркүйектің басында Астанада өткен бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіргім келеді. Ресей Федерациясының атынан шамамен 180 өкіл қатысып, алуан спорт түрі бойынша жоғары нәтиже көрсетті, — деді президент.