Жетісу облысында алты адамның балаларына 20 миллион теңгеден аса қарызы бар екені анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.
Балаларына міндетті алимент төлемегені үшін оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта алты адамның үшеуіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.
Олардың біріне үкім шығарылып, сотталды. Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар 30-дан астам балаға сот шешімімен тиесілі қаражаттарын алуға көмектесіп, қадағалау актілері бойынша олардың пайдасына 50 миллион теңгеден астам қарызды өндіріп берді, — делінген облыстық прокуратура хабарламасында.