Басты бетЖаңалықтарLRT станцияларындағы...

LRT станцияларындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды

LRT желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100%-ке аяқталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жұмыстар аясында монолитті қаңқалар, көтергіш арқалықтар, платформалардың темірбетонды конструкциялары, ригельдер және басқа да элементтер салынды. Бұл үшін В45 маркалы 79 971 текше метр бетон мен 9,59 мың тонна арматура қолданылды.

LRT желісі көп деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 станциядан тұрады, олар екі түрге бөлінеді: жердегі (11 станция) және жер үсті (жеті станция). Жер үсті станцияларының ерекшеліктері: Сығанақ көшесінде (екі станция), Ш. Қалдаяқов көшесінде (төрт станция) және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында (бір станция) орналасқан станциялар жолға орталықтандырылған орналасуымен ерекшеленеді. Станцияларға қауіпсіз кіру үшін жерүстінен өтетін екі өткел қарастырылған. Барлығы — 14 өткел.

Биылғы жылы № 101 станциясының (100% дайын) қасбет жұмыстары аяқталды, оған 497,51 тонна металл конструкцияларын орнату және сыртқы панельдер мен витраждарды қаптау (4 765 м²) кіреді. № 109 және № 112 станцияларында 1 210,22 тонна металл конструкциялары орнатылды, — делінген әкімдік хабарламасында.