25 қараша — Алаш зиялысы, ақын, прозашы, аудармашы, драмашы, публицист Міржақып Дулатұлының туған күні. Ол 1885 жылы Торғай облысында туып, 1935 жылы абақтыда аурудан қайтыс болған. Назарларыңызға Алаш зиялының өмірбаяны мен шығармашылығы, қайраткерлігі туралы тест ұсынамыз.
Міржақып Дулатұлы кейбір өлеңін басылымдарға бүркеншік атпен жариялаған. Оның бүркеншік аты қандай?
Дұрысы – Мадияр. Азамат Алашұлы, Таймінер деген де аттары болған. Міржақып Дулатұлы 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңін, бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялаған. Мақалада қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмаған.
Бөлісе отырыңыз:
