Туризм және спорт министрлігі Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшыларын тағайындады.
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері келісімін берді, — делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады. Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар ғана тағайындалуға тиіс.