Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлап отыр.
Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров екінші орынға тұрақтап, нәтижесінде сол орынды сақтап қалған.
Еркін бағдарламадағы өнері үшін спортшы 182,96 ұпай жинады. Жалпы есеп 276,17 ұпай болып, жарысты күміс медальмен аяқтаған.
Бірінші орынды жапон Сюн Сато 278,48 ұпаймен жеңіп алды. Үздік үштікті француз Адам Сяо Хим Фа 252,53 ұпаймен түйіндеді.