Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурыл ауылында екі қабатты екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.
Өрт 10 ш. м. алаңды шарпыған. Сөйтіп тұрғындар көміртегі тотығымен улану қаупін тудырған қалың түтін пайда болған, — делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер барлау кезінде кейуана мен төрт баланы тауып, оларды терезеден шығарып алған.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.