ІІМ: Биыл адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыс тіркелді

Биыл адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеп отыр.

Бұл санатта ұйымдасқан топтар әрекетінің жолын кесіп, зардап шеккендер анықталып, кінәлілер жауапқа тартылады. Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 116-бап бойынша 22 іс, адам ұрлау – бір іс, заңсыз бас бостандығынан айыру – 4 іс, адам саудасы – 17 іс , кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту – 15 іс, кәмелетке толмағандарды саудалау – 6 іс, адамдарды жезөкшелікке мәжбүрлеу – 13 іс, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға притондар ұйымдастыру – 119 іс, — деді Шынар Көшербаева.

Оның айтуынша, халықаралық баяндамалардың бағамдауы бойынша Қазақстан осы қылмыстарға жол бермеу бағытында айтарлықтай күш салып жатыр.