Басты бетЖаңалықтарМүфтият энергетикалық...

Мүфтият энергетикалық сусындар туралы ресми үкім шығарды

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы энергетикалық сусындарды ішу-ішпеуге қатысты үкім шығарды.

Мүфтият энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді болып екіге бөлінетінін атап өткен.

Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады. Ал сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат, — деп хабарлады мүфтият.

Діни басқарманың мәліметінше, энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, тағы сол сияқты) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған.

Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс, — делінген хабарламада.