Басты бетЖаңалықтарСұйытылған мұнай...

Сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасы қайта бекітіледі

Энергетика министрлігі жарты жылда бір рет ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасын қайта қарайды.

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын бұрынғы деңгейде – тоннасына 45 158 теңгеде ұстау туралы шешім қабылдады.

Бұйрық жобасы бойынша, шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

2024 жылғы 26 маусымда энергетика министрінің бұйрығымен сұйытылған мұнай газын өндіретін зауыттар үшін шекті көтерме бағалар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып, тоннасына 45 158 теңге деңгейінде бекітілді. Бұйрық 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.

Осыған байланысты энергетика министрлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шекті көтерме бағаларды бұрыңғы деңгейде бұйрықпен қайта бекітуді жоспарлап отыр.

Жоба 2024 жылғы 5 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.