Қазақстанда шұжық өнімдерін, сонымен қатар соған ұқсас ет өнімдерінің өндірісі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 3,2%-ке өсті.
Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлап отыр.
Осы уақыт ішінде отандық кәсіпорындар 51,9 мың тонна өнім өндірді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6 мың тоннаға артық (50,3 мың тонна).
Шұжық және ет өнімдерінің экспорты 54,5%-ке өсті. 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында шетелге 315,6 тонна өнім жөнелтілді, ал 2023 жылғы сәйкес кезеңде экспорт 204,3 тоннаны құраған. Экспорттың негізгі көлемі Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Катарға жіберліген.
Импорт 2,3% өсім көрсетті. Аталған кезеңде елге 34,4 мың тоннадан астам өнім әкелінді. Өнімдер негізінен Ресейден, Беларустан, Қырғызстаннан және Канададан келді.
Қазақстанның ішкі нарығында 2024 жылдың алғашқы 9 айында 86,1 мың тонна шұжық және оған ұқсас ет өнімдері сатылды, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ке артық (2023 ж. қаңтар-қырк. – 83,8 мың тонна).