Алматы бас дәрігерінің міндетін атқарушы тағайындалды

Әсия Ақанова Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, Ақанова Әсия Айқанқызы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, – делінген қала әкімдігі хабарламасында.