Алматы әкімдігі қала тұрғындарының орташа жалақысы қаншаға өскенін айтты.
Әкімдіктің мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы тұрғындарының атаулы ақшалай табысы 22%-ке өсіп, 292 мың теңге болды. Нақты көрсеткіште өсім 11,6%. Орташа айлық жалақы 468 мың теңгеге жетіп, 15,5%-ке артты.
Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасының төмендеуіне байланысты жылдық инфляция тамыздағы 8,6%-тен қыркүйекте 8,3%-ке дейін баяулады, — делінген хабарламада.
Алматыда биылғы 9 айда 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылған, оның 77,9%-і тұрақты.