Басты бетЖаңалықтарҮкімет бірыңғай...

Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі туралы мәлімдеме жасады

Бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтарын айтты. Шенеунік UTC+5 уақыт белдеуі ел халқының 76%-тен астамы (15 миллион 240 мың адам) кіретін Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қосқанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықты қамтитынын айтты.

Ел аумағының басым бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан. Бұрынғы UTC+6 уақыт белдеуі алғаш рет 1930-1931 жылдары «Белдеу уақыты + бір сағат» формуласы бойынша декреттік уақытты қолдану арқылы енгізілді. UTC+5 еліміз үшін жаңа уақыт белдеуі емес, керісінше, тарихи негізделген уақытқа оралу, — деді министр үкімет отырысы кезінде.

Министрдің айтуынша, 195 елдің 117-сі географиялық уақытты стандарт уақыт белдеуіне жақын таңдаған.