Басты бетЖаңалықтарАлматыда тозығы...

Алматыда тозығы жеткен 34 көпқабатты үй бұзылды

Алматының Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында 34 ескі үй бұзылды.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлап отыр.

Келесі жылы 30 ескі үйдің тұрғындарын жаңа баспанаға көшіру жоспарда.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, «Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы» жалғасып жатыр. Жетісу ауданында 2030 жылға дейін 135 үйді қамтитын жаңа реновациялау бағдарламасы бекітілді.

Қазір ауданда 304 пәтерді қамтитын 34 ескі үй бұзылды. Келесі жылы 30 үйдің 280 пәтерінің иесін жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр.

Мысалы, Қрылов, Скрябин, Гончаров көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында инвестор 16 ескі үйдің орнына 944 пәтерден тұратын 11 үйдің құрылысын жүргізіп жатыр.