Қостанай облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды

Қарасу ауданындағы Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.

Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі төрт адамды, оның ішінде екі баланы қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді, — деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметінен.

ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сонымен бірге ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да