Басты бетЖаңалықтар"Семей орманында"...

«Семей орманында» жалған дипломмен жұмыс істегендер ұсталды

Абай облысында прокуратура «Семей орманы» МОТР қызметкерлері жалған дипломмен жұмысқа орналасқанын анықтады.

Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Резерваттың бес қызметкері, оның ішінде бір филиал басшысы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломмен жұмыс істеген, — делінген хабарламада.

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің мәліметі бойынша, бұл қызметкерлерге диплом берілмеген.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.