Алматы қалалық мобилділік басқармасы Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Жамбыл ауданындағы елді мекендерді қамтитын сегіз жаңа маршрут ұйымдастырды.
Бұл туралы әкідіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Осылайша, 13 қарашадан бастап тасымалдаушы «НұржасТранс» ЖШС №218, 238, 246, 248, 250, 255 маршруттарына қызмет көрсетуге кіріседі. «Төле би Яссауи автобекеті – А.Тоқпанов ауылы» бағыты бойынша №218 маршрутта бес автобус жүреді. Қозғалыс 5:30 басталып, 23:00 аяқталады.
Төле би Яссауи автобекеті – Көктөбе ауылы» бағыты бойынша №238 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – 5:30, аяқталуы – 23:00. «Барлық базары – Кемертоған ауылы» бағыты бойынша жолаушыларға №246 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыстың басталуы – 5:30, аяқталуы – 23:00, — деп хабарлады әкімдіктен.
Ал Барлық базарынан Шолаққарғалы ауылына дейін №248 қоғамдық көлік қатынайтын болады. Қозғалыстың басталуы – 6:00, аяқталуы – 22:00. «Мамыр-7 шағын ауданынан Қырғауылды ауылына №250 автобуспен жетуге болады. Қозғалыстың басталуы – 5:30, аяқталуы – 23:00.
Алматы-1 теміржол вокзалы мен Жауғашты ауыл арасында №255 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – 5:30, аяқталуы – 23:00.
Сонымен қатар 11 қарашадан бастап «Жас Транс» ЖШС-не №241 және №242 маршруттары берілді.
Жетісу базары – Қойшыбек ауылы» бағыты бойынша №241, Жетісу базары – Базаркелді ауылына №242 автобустар жүреді, — деп атап өтті әкімдіктен.
Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, аталған маршруттар байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыларға уақытша беріліп, сынақ режимінде жұмыс істейді. Соның нәтижесінде жолаушылардың легі мен тұрғындардың қажеттігі ескеріліп, қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі.