Әлеуметтік желілерде полиция капитаны Алматыдағы дәмханалардың бірінің маңында болған төбелес кезінде пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат пайда болды.
Полиция бұл оқиғаға пікір білдірді.
Желідегі мәлімет бойынша, Pegas кафесінің маңында төбелес болып, салдарынан қызметтен тыс жүрген полиция қызметкері пышақ жарақатын алған.
Алматы қаласы полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.