Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда сұйытылған...

Қазақстанда сұйытылған газды шығаруға шектеу жарты жылға ұзартылды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылғы 8 қарашада «сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының аумағынан 6 ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды әкетуге тыйым салу енгізілсін, — делінген бұйрық мәтінінде.

Тыйым қолданылмайтын жағдайлар:

  • өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе салық кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие ҚР президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі;
  • Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде әкету;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдар;
  • Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетіледі.

Бұйрық 2024 жылғы 14 қарашадан бастап күшіне енеді.