Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 12 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ағындардың өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.

Республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ болады.

Мақалаға реакция