9 қараша күні Алматы облысында ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Облыстық полиция кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Полиция мәліметінше, 51 жастағы ер адамның денесі Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының шетінде табылған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған.
Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.