Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Астанада қала маңына қатынайтын үш автобустың жұмысы тоқтатылды

Фото: Аstana.gov.kz
Астанада ауа райының қолайсыздығы жалғасып жатыр. Қала маңына қатынайтын үш автобустың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Бұл туралы City Transportation Systems мәлімдеп отыр.

Ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын № 315, 316, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар басқа қала маңына қатынайтын бағдарлардың линияда екені атап өтілді.

Мақалаға реакция