Елімізде оқу-ағарту министрлігі және ғылым және жоғары білім министрлігі қолдап, мұғалімдерге және оқытушыларға арналған байқау жарияланды. Байқауға қатысу үшін мұғалімдер өз пәні туралы бейнероликтерді TikTok платформасына жүктеуі қажет.
#УчителяКазахстана байқауы биыл үшінші рет өтейін деп жатыр. Оған мектеп мұғалімдері мен колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.
TikTok-тағы аккаунтымды байқауға дейін бір жыл бойы жүргізіп, 35 мың оқырман жиған едім. Байқау кезінде тағы 100 мың адам жазылды. Сол сәтте дұрыс жолда екенімді сездім. Кез келген видеомды ашсаңыз, менің мұғалім ретіндегі қасиеттерім туралы көптеген жақсы комментарий көресіз. Видеоларды қарапайым мұғалім ретінде түсіре берсем, жас жазылушылар қызықпас еді деп ойладым. Сондықтан басқа тәсіл табу керек деп ойладым. Мұным байқауда жеңіске жетуде шешуші рөл атқарды, – дейді #УчителяКазахстана 2023 байқауының жеңімпазы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ботагоз Омарова.
Жобаның ресми амбассадорлары — химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов @wannabeteacher, былтырғы жеңімпаздар @khamza_d және @neverhaid. Амбассадорлар қызық контент жасау жолдарын айтып, мұғалімдерге арнайы вебинар өткізеді.
Байқауға TikTok-та білім беру контентін жасайтын немесе бұл істі бастағысы келетін мұғалімдер мен колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыса алады. Бұл үшін 2024 жылғы 4 қарашадан 3 желтоқсанға дейін қатысушылар платформада сабақ беретін пәніне қатысты білім бар бейнероликтер жариялауы қажет. Бейнероликтер ұзақтығы 30 секундтан кем болмауы керек және #учителяказахстана хештегін қолдану қажет.
Биыл байқаудың үш жеңімпазы болады. Жеңімпаздар лайкт, қаралым саны, бейнероликтер сапасы және пәнге сай екені сияқты өлшемшарттар бойынша анықталады. Жеңімпаздарға iPhone 16 Pro смартфондары сыйға тартылады.