Басты бетЖаңалықтарАлматы көшелеріне...

Алматы көшелеріне тағы да 50 мың камера орнатылады

Алматы жыл соңына дейін бірыңғай бейнемониториң жүйесіне 50 мың камера қосылады. Бұл туралы мегаполистің цифрландыру басқармасы хабарлап отыр.

Жыл басынан бері қала әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен бірыңғай бейнемониториң жүйесіне 45 мың камера қосылды, ал 2025 жылға қарай олардың саны 70 мыңға дейін артады. Видеожазбалар 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардан алынды.

Сонымен қатар Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің (АБК) 300 камерасы орнатылған. Осылайша, қазір 1 641 АБК жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, осы жылдың соңына дейін 71 денсаулық сақтау объектісінің аумағында «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру аяқталады.