Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 203...

Қазақстанда 203 мың мүгедектігі бар бала тіркелген

Елімізде 203 мың мүгедектігі бар бала тіркелген. Бұл туралы үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Бүгінгі таңда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) есебінде 203 мың мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. Олардың 66 мыңы — мектепке дейінгі, 137 мыңы — мектеп жасындағы балалар. Аталған санаттағы балалар саны жыл сайын артып барады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 15 мыңға, яғни 8% өскен (2022 ж. — 175 мың, 2023 ж — 188 мың, 2024 ж — 203 мың), — деді министр.

Оның айтуынша, арнайы қолдауды қажет ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу, оңалту 496 арнайы білім беру ұйымында жүзеге асырылады (99 арнайы мектеп, 45 арнайы балабақша, 108 ПМПК, 221 түзету кабинеті, 10 аутизм орталығы, 13 оңалту орталығы).

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін мектепке дейінгі ұйымдардың 69%-інде, мектептердің 88%-інде, колледждердің 80%-інде жағдай жасалған. Мектептерде 1 071 арнайы жабдықталған кабинет бар, — деді Ғани Бейсембаев.