Сейсмологтар Жетісу облысында түнде жер сілкінісін тіркеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 қарашада Астана уақытымен сағат 22:58-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде орналасқан, — делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.