Шымкент прокуратурасы есірткіні насихаттайтын 18 Telegram-арнаны бұғаттады.
Шымкент прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтады.
Қазақстан Республикасы бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасымен әлеуметтік желілерге мониториң жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдары анықталды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде, «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды, — делінген хабарламада.