Басты бетЖаңалықтарІле Алатауында...

Іле Алатауында турист құтқарылды

Кеше Іле Алатау тауының Қаскелең шатқалына бес турист барып, топтың бір мүшесі ауырып қалды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Байланыс болмағандықтан және топта қарт әйел мен балалар болғандықтан, топ жетекшісі қызды тастап, қалғандарын төменге түсірген. Ол ТЖМ құтқарушыларын көмекке шақыруға мәжбүр болған.

ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары тұраққа түскен өтініш берушілерге жетіп, аталған координаттар бойынша зардап шегушіні іздестіруге кірісті. Іздестіру жұмыстары 16 сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Зардап шеккен қыз тоңып қалған екен. Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетті және оны тұрақта күтіп тұрған туыстарына жеткізді, — делінген хабарламада.