Басты бетPushЕлімізде қандай...

Елімізде қандай дәрігерлер жетпейді?

Денсаулық сақтау министрлігі медицина кадрлары тапшылығын шешу жолдарының бірі ретінде медициналық ЖОО түлектерін бөлу тетігін тиімдірек етуді ұсынды. Бұл туралы Абай облысындағы парламент сенатының көшпелі отырысында айтылды.

Қазіргі уақытта медициналық ЖОО-лар түлектерінің үштен біріне жуығы бөлу бойынша жұмыс істемейді, негізінен жұмысқа орналасу үшін жеке медициналық ұйымдарды артық көреді. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде кадрларды даярлау мен жергілікті бюджет қаражатының есебінен кадрларды даярлаудың арасында үйлесімділік жоқ (ЖАО гранттары), бұл медицина кадрларын тиімді жоспарлауға әсер етеді, мамандардың жергілікті жерге жетуі бойынша мониторинг те әлсіз жүргізілуде, — деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Министрлік жағдайды өзгерту үшін жас мамандарды жұмысқа дербес бөлуді уәкілетті орган деңгейіне қайтаруды ұсынады.

Екінші — түлектердің жекелеген санаттары үшін жұмыс істеуді кейінге қалдыру, резидентурада оқуды жалғастыруды енгізу, МСАК деңгейінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар медицина қызметкерлері үшін ерте (алдын ала) бөлу рәсімін енгізу.

Ведомство кадрларды бөлуді реттеу және әлеуметтік қолдау жұмыстарын үйлестіру үшін жергілікті жерлерде өңірлік комиссиялар құрған жөн екенін хабарлап отыр.

Бұған қоса ведомство кадрларды жергілікті жерлерде ұстап тұру және ауылды жерлерде дәрігер қызметінің беделін арттыру үшін қосымша ынталандыру шараларының тұтас пакетін қосуға бастамашылық етеді. Мұндай пакетке интерн дәрігерлеріне арналған білім беру бағдарламаларын жаңарту, психологиялық қолдау бағдарламаларын ұйымдастыру және ұзақ тәжірибесі бар медицина қызметкерлерін ынталандыру жүйелерін енгізу және басқа да материалдық емес ынталандыру шаралары кіреді.

Хирургиялық топтың ең көп сұранысы бар 5 мамандығына анестезиолог-реаниматологтар кіреді, қажеттік – 306, қажет хирургтар – 210, қажет офтальмологтар – 112, қажет оториноларингологтар – 83, қажет ангиохирургтар – 44.

Босандыру қызметінің ең сұранысы көп мамандары: қажет акушер-гинекологтар – 253, қажет неонатологтар – 87.

Дәрігерлер Астана (702 дәрігер), Алматы (497 дәрігер), Шымкент (234 дәрігер) сияқты ірі қалаларда жетпейді. Ауылды елді мекендер деңгейінде медицина қызметкерлеріне ең үлкен сұраныс Ақмолада (116 дәрігер), Түркістанта (135 дәрігер), БҚО-да (89 дәрігер) байқалады.