Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында 2 балдық жер сілкінді

«Сейсмологиялык зерттеу институты» сейсмикалық станциялар желісі 2 қарашада сағат 10:50-де жер сілкінгенін тіркеген. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан.

Есептік қарқыны (баллмен) — 2 балл. Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) сезілген, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.