Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 1 қараша сағат 20:00-ден 3 қараша 20:00-ге дейін жабылады.
Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлап отыр.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, алдағы демалыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Оған Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының фермерлері қатысады.
Өнімнің жалпы көлемі – 345 тонна. Оның ішінде ет өнімдері – 70 тонна, жеміс, көкөніс өнімдері – 100 тонна, сүт өнімдері – 80 тонна, балық өнімдері – 5 тонна, басқалары – 90 тонна, — делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 1 қараша сағат 20:00-ден 3 қараша 20:00-ге дейін жабылады.
Бұдан басқа, №45, №95 және 121 автобустардың бағытына өзгерістер енгізіледі.Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізіледі.