Астанада өңірлік жәрмеңкелер маусымы аяқталды

Астанада өңірлік жәрмеңкелер маусымы аяқталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы демалыс күндері, 4 және 5 қарашада жоспарланған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі тоқтатылады.

Екі облыстың аграршылары ауа райының нашарлауына байланысты елордаға келмейді.

Айта кетейік, биыл жәрмеңке 2 қыркүйектен басталды.

Оған 15 өңірден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Олар Астанаға 10 мың тоннадан астам өнім жеткізді.