Басты бетЖаңалықтарАстана әуежайында...

Астана әуежайында іздеуде жүрген Әзербайжан азаматы ұсталды

Астананың халықаралық әуежайында алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Әзербайжан елінің азаматы ұсталды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген.

Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.