Премьер-министр Олжас Бектенов машина жасау өндірісін дамыту мәселесі қаралған отырыста отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы туралы айтты.
Оған 10 триллион теңге бөлінеді.
Оның айтуынша, отандық өнім өндірушілерге ерекше басымдық беру керек.
Мұны талай рет айттық. Ұлттық жобада осы басымдық кәдімгідей жазылады. Бірақ жобасын жан-жанқты талқылау керек. Бизнес те, соның ішінде машина жасаушылар одағы өз ұсынысын берсін. Барлығы қарасын, отандық өнім өндірушілерді барынша қорғауымыз қажет. Бұл бағдарламаға шамамен 10 триллион теңге бөлінеді деген жоспар бар. Біздің бизнес үшін үлкен ақша, — деді Олжас Бектенов.