Алматыда қала маңына қатынайтын қоғамдық көлік бағдарлары ашылып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр.
28 қазаннан бастап №237, №257 және №258 маршруты іске қосылды, ал 1 қарашадан бастап №239 маршруты жүре бастайды.
№237 «Барлық базары – Қаратөбе ауылы» бағытындағы бағдарда үлкен сыйымдылықтағы бес автобус қызмет көрсетеді. Маршрут таңғы сағат 5:30-дан басталады, аяқталу уақыты – 23:05. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС, — делінген хабарламада.
№257 «№7 қалалық аурухана – Еңбекші ауылы» бағытындағы бағдарда да үлкен сыйымдылықтағы бес автобус қызмет көрсетеді. Маршрут таңғы сағат – 5:30-дан түнгі сағат 23:01-дейін жолаушылар тасымалдайды. Бұл бағытта да «Қаскелең автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар №258 «Жетісу базары – Өстемір ауылы» бағытындағы бағдарда екі автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жүру уақыты – 5:40, аяқталу уақыты – 22:01. Тасымалдаушы – «Самат-Транс» ЖШС, — дейді Алматы қаласының әкімдігі.
Бұнымен қоса №239 «Б. Момышұлы метро бекеті – Долан ауылы» бағытындағы бағдарда 18 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – «Neo City Trans» ЖШС.