Астанада 5 қоғамдық көліктің бағдары уақытша өзгерді

City Transportation Systems ЖШС елордада жолаушылар тасымалдайтын 5 автобустың бағдары өзгергенін мәлімдеп отыр.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 6,16,37,39,42 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.