Yandex Qazaqstan Қазақстан азаматтарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Нейромен Іздеу қазақстандық қолданушылардың ұлттық мереке туралы танымал сұрақтарына жауап берді.

Мысалы,Республика күнінің маңыздылығы неде, оның пайда болу тарихы қандай және Қазақстан азаматтары қай күндері демалады.

Сонымен қатар Яндекс Іздеудің басты бетінде мерекеге орай арнайы сурет, Қазақстан Республикасының символдарының бірі – Алтын Адам пайда болды. Оны басқан кезде Республика күні туралы ақпарат пайда болады және отшашу басталады.

Нейромен Іздеу кез келген сұраныс бойынша қазақ тілді және ғаламдық интернеттен барлық қол жетімді ақпаратты іздейді, оны талдайды және дереккөздерге сілтемелермен бір жауапқа біріктіреді. Бұл қолданушыларға әдетте бірнеше сайттарды қарауды қажет ететін тақырыптар бойынша ақпаратты тезірек табуға көмектеседі. Мысалы, Нейромен Іздеу қазақстандық қолданушыларға Республика күні туралы қызықты фактілерді табуға көмектеседі. Нейро дайындаған сұрақтарға жауаптар, сайттарға әдеттегі сілтемелерден жоғары іздеу нәтижелерінде пайда болады.