Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді. Құжат 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанның бірнеше өңірінде электр қуатының шекті тарифтері өседі.
Бұйрық бойынша, электр энергиясының шекті тарифтері өседі:
- 1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС–1) — кВт/сағ үн 8,05-тен 8,27 теңгеге дейін;
- 2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) — 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
- 9-топ («Астана-Энергия» АҚ) — 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
- 12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) — 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
- 18-топ («Степногор ЖЭО» ЖШС) — 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
- 28-топ («Жаңажол ГТЭС» ЖШС) — 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
- 39-топ («З-Энергоорталық» АҚ) — 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
- 48-топ («Қазхром» ТҰК» АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сонымен қатар электр энергиясына мына тарифтер бекітілді:
- 56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифімен;
- 57-топтың тарифі 56,63 теңге;
- 58-топтың тарифі 26,08 теңге;
- 59-топтың тарифі 22,56 теңге;
- 60-топтың тарифі 3,07 теңге.