Алматы прокурорлары есірткі таратқан Telegram-арналарды бұғаттады. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.
Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 Telegram-арнаны бұғаттады.
Тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар «закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды. Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды, — делінген хабарламада.
Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастап (есірткіқұралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрі тергеу үшін полицияға жолдағаны айтылды.